Site icon Деловая Жизнь Казахстана

2022 жылы Балалар игілігінің қазақстандық индексі енгізіледі

children playing grass e1622543014603 2022 жылы Балалар игілігінің қазақстандық индексі енгізіледі

Балалар игілігінің қазақстандық индексін енгізу бастамасын қолдады

«Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні. Әр баланың балалық шағы бақытты,  қамқорлыққа толы болуы керек. Сондықтан 2022 жылы Балалар игілігінің қазақстандық индексін енгізуді қамтамасыз ету қажеттігін қолдаймын. Ол халықаралық талаптарды ескере отырып, барлық өмірлік маңызды салалар:            қауіпсіздік, денсаулық, білім, материалдық игілік, балаларды әлеуметтендіруді қамтуы тиіс. Осы индекстің көмегімен мемлекеттік органдардың балалардың жағдайын жақсарту жөніндегі жұмысының нәтижелілігі қадағалануы керек», — деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.
Премьер-министр балалардың білім беру ұйымдарында, көшеде, демалыс кезінде қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігін айтады. Сонымен қатар Білім, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау министрліктеріне, өңірлердің әкімдіктеріне  білім беру және мектептен тыс білім беру нысандарында тиісті қауіпсіздік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету бойынша Жол картасын 2 апта ішінде әзірлеуді тапсырды. «Бейнебақылау жүйелері мен олардың полицияның жедел басқару орталықтарымен интеграциялануына, «дабыл түймесінің» болуына және жедел ден қоюға ерекше назар аудару керек. Барлық іс-шаралар оқу жылы басталғанға дейін аяқталуы тиіс. Бұл мәселе Үкімет отырысында қарастырылады.
Екінші – балалар денсаулығы. Денсаулық сақтау министрлігіне, әкімдіктерге аурулардың алдын алу және ерте диагностикалау, оңалту, ауруды бала жастан бақылау бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын. Мектеп медицинасын, ерте дамыту мен скрининг кабинеттерінің, балалар үйлерінің, балалар стационары мен емханалардың материалдық-техникалық базасын дамыту қажет», — деп атап өтті Үкімет басшысы.
Асқар Мамин сондай-ақ ең алдымен әкімдіктерге спортпен айналысатын балалардың санын арттыру бойынша шаралар қабылдауды және тиісті қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырды.
 
 

Exit mobile version