Site icon Деловая Жизнь Казахстана

2025 жылы республикалық жолдардың 44% ақылы болады

russia 3330843 1280 1 2025 жылы республикалық жолдардың 44% ақылы болады

Алдағы 5 жылда республикалық маңызға ие жолдардың 11 мың шақырымы ақылы қызметке көшеді

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Арман Жүсіпов осындай мәлімет берді.
«Алдағы 5 жыл ішінде елімізде жолдардың 44% жуығы ақылы болады. Жалпы ұзындығы шамамен 11 мың шақырымды құрайды», – деп жазды «ҚазАвтоЖол» өкілі. Сондай-ақ, ол ақылы жолдардан түскен ақша қайда жұмсалатынын түсіндірді. «2020 жылы қолданыстағы ақылы учаскелерден қосымша құн салығын қосқанда 5,7 млрд теңге жиналды.
«Автомобиль жолдары туралы» Заңның 5-бабының 5-тармағына сәйкес, ақылы учаскелердегі алымдардан алынған қаражат:
– ақылы автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп-ұстауға, жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін ұстауға;
– жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешендерін енгізу және орнату мақсатында тартылған инвестицияларды қайтаруға;
– автомобиль жолдарында ақылы қозғалысты ұйымдастыруға бағытталады;
– ақылы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау үшін жол-пайдалану техникасын сатып алу және қызмет көрсету үшін жұмсалады», – делінген Ұлттық компанияның хабарламасында.

Exit mobile version