Шымкентте баспана алуға бағытталған 1 млн теңгенің сертификаттарын 300 азаматқа беру жоспарланып отыр
Тұрғын үй сертификаттары ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша алғашқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін беріледі. Жоба шарты бойынша, өтінім берушінің бір айлық табысының көлемі онымен бірге тұратын отбасының әрбір мүшесін (жұбайы, зайыбы, кәмелетке толмаған балалары) бірге есептегенде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 көрсеткішінен (68 604) аспауға керек.
Шымкент қаласы бойынша өтінім беретін азаматтар:
Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындары;денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары;құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер;мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;көпбалалы отбасылар;толық емес отбасылар.
Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, сертификаттарды алуға өтінім беру мамырда басталады. Биыл құжаттар онлайн түрді қабылданып, www.kezekte.kz сайты арқылы жолданады. Тұрғын үй сертификаттарына өтінім беретін азаматтарда ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңбасы) болуы керек.
Еске сала кетейік, 2019 жылы тұрғын үй сертификаты 21 азаматқа, ал 2020 жылы 101 адамға берілді. 2021 жылы аталмыш сертификаттарды 300 адамға беру жоспарланған. Сертификат туралы толығырақ 8 (7252) 56 62 89 байланыс нөмірі арқылы білуге болады.