Site icon Деловая Жизнь Казахстана

Алматыда вакцинация құжатын 15 мың теңгеге сататын «делдал» пайда болды

iPhone-hand

Алматыда вакцина салынғаны туралы электрон құжатты бірнеше клиниканың атынан беретін «делдал» пайда болды, – деп хабарлайды «Еуразия» бірінші арнасы»

Телеарна журналистері «делдалмен» клиент ретінде байланысқа шыққан.
– Төлқұжатыңыз бен мекенжайыңызды WhatsApp-қа жіберіңіз.
– Оның бағасы қанша?
– Екі доза үшін 15 мың теңге.
– eGov-тан тексерген кезде мәліметтер тұра ма?
– Шығып тұрады, мен бұған дейін құжатты алған адамдардың үлгісін жібере аламын. Бірінші кезеңі бүгін, екіншісі 18 мамырда. Содан кейін eGov-та сізге вакцина салынғаны туралы құжат тұрады.
Сонымен қатар, «делдал» құжат бағасы таңдаған клиникаға байланысты 5-25 мың теңге аралығында болатынын айтқан. Телеарна тілшілеріне заңсыз қызмет туралы көрермендердің бірі хабарлаған. Бұл өзі туралы ақпарат жасырын болып қалуды сұраған.

Exit mobile version