Алматыда аса ірі көлемде алтын контрабандасымен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді
Қылмыстық әрекетті Алматы қ. бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Алматы қ. ҰҚКД бірлесіп тоқтатты. ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында зергерлік бұйымдарды сату саласындағы екі кәсіпкердің Алматы-Анталья әуе рейсі арқылы 68 млн теңгеге жалпы салмағы 3,1 кг бірнеше алтын құйманы тасымалдауға тырысқаны анықталды. Экономикалық контрабандаға әуе компаниялардың бірінің екі қызметкері көмектесті. Сот үкімімен айыпталушылар экономикалық контрабанданы алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Екі ұйымдастырушыға әрқайсысына 3,3 млн теңге айыппұл түрінде, екі сыбайласқа – 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, бостандығын 1 жыл мерзімге шектеу түрінде жаза тағайындалды. Тәркіленген алтын мемлекет кірісіне айналдырылды.