Site icon Деловая Жизнь Казахстана

«Ashyq» жобасын қанша қазақстандық қолданады?

ashyk «Ashyq» жобасын қанша қазақстандық қолданады?

«Ashyq» жобасын 378 мыңнан астам қазақстандық қолдана бастады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты

«Шектеу іс-шаралары мен бизнес жұмысы арасындағы теңгерімді орнату мақсатында «Атамекен» ҰКП Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, жергілікті атқарушы органдар бірлесіп, 2021 жылдың қаңтарынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларында «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу бойынша ілкі жобаны жүзеге асыруды бастады. 26 сәуірден жоба бүкіл ел бойынша таратылуда», – деді министр.
Оның атап өтуінше, бүгінде «Ashyq» жобасы фитнес-клубтарда, спа-орталықтарда, бассейндерде, боулинг, бильярд және компьютер клубтарында, кинотеатрларда, театрларда, концерт залдарында, қоғамдық тамақтану орындарында, облысаралық, қалааралық тұрақты емес жолаушылар тасымалында қолданылады.
«27 сәуірдегі мәліметке сәйкес, жоба қатысушыларының жалпы саны – 1658, ал қосымшаны қолданушылар 378 мыңнан астам адамды құрайд», – деді Алексей Цой.

Exit mobile version