Site icon Деловая Жизнь Казахстана

Азық-түлік бағасы тұрақтанады

shopping 2615482 1280 Азық-түлік бағасы тұрақтанады

Жыл басынан негізгі азық-түлік өнімдерінің қымбаттады. Алайда, былтырғы кезеңмен салыстырғанда биылғы өсім көрсеткіші 6,2%-ке төмен

Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасындағылар осылай дейді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар құны мамыр айынан кейін тұрақтайды. Өйткені көктем аяғында жергілікті өндірушілер көптеп өнім жеткізе бастайды, дейді мамандар. Сонымен қатар, шілдеде өңірлердің дәстүрлі жәрмеңкесі басталады. Баға саясаты мәселесін жүйелі шешу үшін 40 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. 2022-2023 жылдарға дейін 3 көтерме сауда орталығы мен 2 жылыжай кешені салынады. Сондай-ақ сауда желілеріне жеңілдікпен пайызсыз несие беріледі. Жалпы соңғы 3 жылда тұрақтандыру қорынан 4,6 млрд теңге бөлінген.

Exit mobile version