Site icon Деловая Жизнь Казахстана

Азық-түлік тағы қымбаттады

paying purchases Азық-түлік тағы қымбаттады

Көрсеткіш айына 1%, жылына 10% өскен. Биылғы жылдың сәуір айының соңында азық-түлік тауарларының бағасы жылдық динамика бойынша 9,8% өсті.  Бір айда баға 1%-ға қымбаттады

Бағаның өсуі, әсіресе, Атырау облысында байқалады: жылына 11,8%.  Одан кейінгі орында Маңғыстау (+10,7%) және Шығыс Қазақстан (+10,5%) облыстары тұр. 17 аймақтың 9 аймағында жылдық өсім орташа республикалық деңгейден жоғары, 5 аймақта төмен.
Көкөністер мен жемістер бір жылда 5,7%-ға қымбаттады, оның ішінде жаңа піскен жемістер — 5,2%, өңделген және консервіленгендер – 5,4%, жаңа піскен көкөністер — 4,9%, өңделген және консервіленгендер – 10, 7%.
Жемістердің ішінде апельсин (жылына 12,9%-ға, 1 келі үшін 741 теңгеге дейін) және банан (12,3% -ға, 618 теңгеге дейін) қымбаттады.  Пандемия басында бағасы шарықтап кеткен лимон қазір 22,5%-ға арзандап, келісі үшін 916 теңгені құрады.
Көкөністерден қияр (+36,3%, келісі 739 теңгеге дейін), қызылша (+26,8%, 174 теңгеге дейін), сәбіз (+14,9%, 133 теңгеге дейін) және картоп (+10,6%, 138 теңгеге дейін) бағасы өсті.
Жалпы алғанда мұндай өзгерістер жылда болатын жағдай. Нарықта былтырғы немесе жылыжай өнімдеріне қарағанда биылғы өнімдер жоғары бағамен сатылады.  Ал керісінше, пияз бен ақ қырыққабаттың бағасы төмендеген. Сәйкесінше республика бойынша келісі үшін 90 және 91 теңгені құрады. Сүт өнімдерінің ішінде қатты ірімшік бірден 11,3% – келісі үшін 3,3 мың теңгеге дейін қымбаттады.  Пастерленген сүттің бағасы (майлылығы 2,5%) 6,1% өсіп, литріне 247 теңгені құрады;  қаймақ 5,8%, келісі 1,2 теңгеге жетті.
Еліміздің дүкендері мен базарларында сәуір айында бір литр айран (майлылығы 2,5%) 281 теңгені құрады — бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,9% жоғары. Ет өнімдерінің ішінде сиыр мен шошқа еті бір жыл ішінде 8,1% қымбаттап, келісіне 2,1 мың және 1,7 мың теңгеге жетті.  Сүйегі бар жылқы етінің орташа бағасы жылына 8,3%, 2,4 мың теңгені құрады. Қайнатылған және жартылай ысталған шұжықтар келісі 2,1 мың және 2,4 мың теңгеден сатылды. Балық бағасының да өсуін атап өткен жөн.  Мәселен, тұздалған майшабақ 9,8% қымбаттап, келісі 1,1 мың теңгеге жетті.

Exit mobile version