Site icon Деловая Жизнь Казахстана

«Баспана Хит» бағдарламасы биыл тоқтайды

nationalbank «Баспана Хит» бағдарламасы биыл тоқтайды

Ал 2022 жылы олардың ізімен «7-20-25» бағдарламасы да шегіне жетпек

Елде «Қарапайым заттар экономикасы», «Баспана Хит» жеңілдетілген бағдарламалары биыл тоқтатылады. Осылайша, Үкімет өз тарапынан тікелей қаржыландырудан бұрын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелік тәуекелерін кепілдендіру жүйесін қарастырады. Бұл туралы толығырақ онлайн режимде өтіп жатқан VIII CFO саммитінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова айтып берді.
Ұлттық банк мемлекеттік бағдарламалардан 2021-2023 жылдарға арналған макроэкономикалық саясат бойынша үйлестіру шаралары туралы келісімдерге сәйкес шығады. «Экономикаға дағдарыстың әсерін азайту мәселесін ескере отырып, мемлекет бағдарламаларды қаржыландырудан бас тартып, нарықтық қағидаттарға орын беруі керек», – деп атап өтті спикер.
Ұлттық банктің бағдарламалардан шығу қажеттілігі, сол арқылы экономиканы несиелендіруді тоқтатуы 2030 жылға дейінгі ақша-несиелі саясат стратегиясында да айтылған.
«Ұлттық банктің ақша-несиелі саясаты экономикаға көбірек әсер етуі үшін ең бірінші кезекте нарықтағы өтімділіктің көптігі мәселесін бір жаққа шығару керек. Себебі ол экономиканы мемлекеттің көбірек қолдауынан қалыптасады.
Ең алдымен, Ұлттық банк экономиканы несиелендіретін бағдарламалардан бас тартуы тиіс. Өйткені бұл жүйенің өзі негізгі саясатпен үндеспейді. Ал эмиссиялық қаржыландыру мен еншілес ұйымдарды капиталдандыру инфляция бойынша мақсаттарға қол жеткізуге кедергі келтіреді», – делінген құжатта.
Стратегияда жазылғандай, экономиканы мемлекеттік қаржыландыру ісі Ұлттық банкке жатпайтын мемлекеттік бюджет немесе даму институты арқылы жүргізілуі керек.

Exit mobile version