Site icon Деловая Жизнь Казахстана

«Бастау бизнес» басталды

36944416 657075454659628 7613990521949650944 n «Бастау бизнес» басталды

Кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту 26 сәуірден басталады, өтінімдер 19 сәуірден қабылданады. Коронавирустың таралуына байланысты биыл өткен жылдағыдай  оқу «Atameken Academy» платформасында онлайн өтеді

Оқуға қатысу үшін үміткерлерге алдымен Жұмыспен қамту орталығына (Бейбітшілік көшесі 25, «Өркен» БО) жүгініп, жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін өткізіп, оқуға жолдама алуы керек.
Жұмыспен қамту орталықтары Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген, жобаның нысаналы тобына сәйкес келетін үміткерге оқуға жолдама береді. Олар:

«Оқуға жолдамамен үміткер Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасына келіп немесе электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы сайтында тіркеле алады. Ол үшін сайтқа жолдама мен жеке куәліктің екі жағынан түсірілген скан нұсқасын жүктеу керек (осы құжаттардың жақсы сападағы фотосуреттері де жарайды). Содан кейін жеке кабинетіңізде жіберілген өтінімнің статусы көрсетіледі. Егер барлығы дұрыс жүктелсе, өтінім мақұлданады. Егер талап етілген құжаттардың бірін жүктемеген болсаңыз немесе көшірмелердің сапасы нашар болса, өтінім кері қайтарылады. Үміткерлердің өтінімдері толық қабылданған соң біз алғашқы лектің төрт тобын жасақтаймыз. Әр топқа бизнес-тренер бекітіледі. Жобаның барлық қатысушыларына жобаның басталғаны хабарланады», – деп ақпараттандырды Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП директоры Алмат Жүнісов.  Еске салсақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу мерзімі 21 күннен аспайды. Оқу аяқталған соң сертификат беріледі.
 
 

Exit mobile version