Атырау облысында 700 миллион теңгеден астам жасырылған салық бюджетке қайтарылды, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметі
«ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті нақты жұмыстар орындалмай және қызметтер көрсетілмей шот-фактураларды заңсыз жазып беру фактісін анықтады. Осылайша, облыс кәсіпорындарының бірінің басшысы 2015-2019 жылдар кезеңінде 700 млн теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған. Аталған факт салықтық тексеру материалдарымен расталған»,– деп жазылған агенттік таратқан хабарламада. Қазіргі салық төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде екен, мемлекетке келтірілген залал өтелген.