Site icon Деловая Жизнь Казахстана

«Darmen» мобильді қосымшасын 200 мыңнан астам адам қолданып отыр

darmen «Darmen» мобильді қосымшасын 200 мыңнан астам адам қолданып отыр

Төтенше жағдай қаупінен  хабар беретін «Darmen» мобильді қосымшасы әзірленді.   Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты

«Darmen» мобильді қосымшасы азаматтарға төтенше жағдай қаупіне қатысты ақпаратты 5 секундтта жеткізеді. Қосымша магнитудасы 4 балл және одан жоғары жер сілкінісі кезінде сейсмодатчик іске қосылған кезде хабарламаны смартфонға автоматты түрде жібереді.
Бұған қоса «Darmen» жолдардың жабылуы, сабақтың болмауы сынды ақпаратпен қоса, автобустар мен ұшақтардың және пойыздардың кестесін көрсетеді. Былтыр «Darmen» мобильді қосымшасы қолданушылар саны 90 мың адам еді. Қазір 200 мыңнан астам адам қолданып отыр», – деді Юрий Ильин.
 

Exit mobile version