Site icon Деловая Жизнь Казахстана

Экономикалық мәжбүрлеу тетігі іске қосылды

dawn 3804124 1280 Экономикалық мәжбүрлеу тетігі іске қосылды

Сенатта ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пайдаланылмай жатқан жерді жылдам қайтарып алудың механизмі әзірленіп жатқанын жариялады.  Бұл шара заң аясында атқарылып, жерді қайтарып алу мерзімі қысқартылады

Министрдің мәлімдеуінше, қазір барлық ауыл шаруашылығы алқаптарына  бақылау жүргізіліп жатыр. Мақсат – жерді ұтымды пайдалану. «Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарып алу мерзімін 2 жылдан 1 жылға дейін қысқарту бойынша заңнамалық механизм әзірленіп жатыр», – деді Сапархан Омаров.
Бұдан кейін ол пайдаланылмайтын жерге салынатын салық мөлшері 10-нан 20%-ға дейін ұлғайтылғанын еске салды. «2020 жылғы желтоқсанда салық кодексіне заңнамалық түзету енгізілді.
Ұтымсыз жер пайдаланушылар пайдаланылмайтын жерлерден өз еркімен бас тартуы үшін экономикалық мәжбүрлеу тетігі іске қосылды», – деді министр.

Exit mobile version