Site icon Деловая Жизнь Казахстана

Елдегі қаржы лизингі: бір жылда нарық көлемі 17%-ға артқан

vnutrennij-lizing

Қаржы лизингі келісімшарттарының жалпы құны – 460,5 млрд теңге.  2020 жылдың қорытындысы бойынша қаржы лизингі бойынша алынған лизинг төлемдер көлемі 225 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,9%-ға көп.

Жалпы өткен жылдың соңында лизинг портфелі 876,9 млрд теңге болған. Лизинг портфелінің шамамен 80%-ы республикалық маңызы бар 2 қалаға тиесілі: Нұр-Сұлтан (566,8 млрд теңге) және Алматы (133,6 млрд теңге). 2020 жылы елорда мен Алматыда алынған лизинг төлемдерінің көлемі (еліміз бойынша алынған жалпы көлемнің) 60%-на тең – 80,3 млрд теңге және 54,7 млрд теңге.
Қаржы лизингі келісімшарттарының жалпы құны – 460,5 млрд теңге. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 39%-ға артық. Олардың жартысынан көбі 10% дейінгі ставка бойынша келісімшарт – 247,3 млрд теңге (бір жылда +30,2%), 10%-14% аралығындағы ставка келісімшартының құны – 111,7 млрд теңге (бір жылда 3,9 есе өскен). Сондай-ақ ставкасы 14%-дан асатын қымбат келісімшарттар 9,8%-ға немесе 101,6 млрд теңгеге дейін азайған. Өткен жылы көлік және қойма салалары (қаржы лизингі келісімшарттары жалпы құнының 32,1%-ы), ауыл, орман және балық шаруашылықтары тартымды болып саналды (27,7%).
2020 жылға арналған қаржы лизингі келісімшарттарының жалпы құнының үштен екісі 6 жылдан асатын мерзімге рәсімделген келісімшарттардың үлесінде: 316,1 млрд теңге. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 31,3%-ға көп. 3-6 жыл аралығында рәсімделген келісімшарттардың жалпы құны – 144,4 млрд теңге, бір жылдағы өсім 59,2%.

Exit mobile version