Site icon Деловая Жизнь Казахстана

Елдімекендердің атауын өзгертуге мораторий жарияланды

kz Елдімекендердің атауын өзгертуге мораторий жарияланды

Мамырдың 1-нен желтоқсанның 31-не дейін еліміздегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауын ауыстыруға тыйым салынды

Бұған алда өткізілетін жалпыұлттық халық санағы себеп болды.
Жоғарыда көрсетілген уақыт аралығында ауыл, кент, ауылдық округ, қала, аудан, облыс құруға, таратуға және қайта құруға болмайды. Біле жүріңіз, ел аумағында онлайын жалпыұлттық халық санағы  1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өтеді.
Санақ sanaq.gov.kz сайтында жүргізіледі. Ал дәстүрлі санақ 1-30 қазан аралығында ұйымдастырылады.
 
 

Exit mobile version