Site icon Деловая Жизнь Казахстана

Еліміздегі әрбір төртінші жұмысшы қолайсыз жағдайда еңбек етеді

weld 1788679 1280 Еліміздегі әрбір төртінші жұмысшы қолайсыз жағдайда еңбек етеді

Павлодар облысында жұмысшылардың басым бөлігі зиянды еңбек жағдайында тер төгіп жүр

2020 жылы кәсіпорындарда зерттеу жүргізілген. Оған 1,6 млн жұмысшы қатысқан. Оның 22,3%-ы немесе 366,9 мың адам санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап бермейтін жағдайда еңбек етіп жатқаны анықталды.  Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 0,9%-ға аз.
Зерттеуге сәйкес, Қазақстандағы қара жұмыстағылардың саны 0,4%-ға немесе 94,3 мың адамға өскен. Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жабдықтарда еңбек ететіндердің саны өзгермеген: 3,6 мың адам. Finprom.kz мәліметінше, санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап бермейтін жағдайда көбінесе Қарағанды облысының жұмысшылар еңбек етуде: 74,7 мың адам. Кейін тізімде Павлодар (46 мың адам) және Шығыс Қазақстан (37 мың адам) облыстары тұр.
Зерттеуге сәйкес, кәсіпорындар қызметкерлерінің жалпы санынан  зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндердің ең жоғары үлесі Павлодар (43,1%), Қарағанды (42%) және Маңғыстау (38,9%) облыстарына тиесілі.
Санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін жағдайда жұмысшылардың 46%-ы, ал шу мен діріл жағдайында 169,8 мың адам (минус 0,1%) еңбек етіп жүр.  Жұмыстағы ауаның жоғары деңгейде шаңдануы және шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРК) асатын газдану жағдайында 119,7 мың адам (минус 1%) жұмыс істеуде. Ал қолайсыз температура жағдайында 62,2 мың адам (минус 1%) тер төгіп жүр.
 
 

Exit mobile version