Мұнайға деген сұраныс теңге бағамын нығайтып отыр. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мамыр айындағы валюта нарығының жағдайы туралы тезисін жариялады
Ұлттық банк өкілі өз мәліметінде барлық елдерде экономиканы қолдауға бағытталған шараларың қолға алынуы жаппай инфляция туындатқаны айтылған. Әсіресе дамыған елдердің орталық банктерінің әрбір әрекеті әлемдік нарықты шайқап отыруы мүмкін.
Ал дамушы елдердің валютасыинвесторлардың көңіл күйіне қарай құбылмақ. Вакциналаудың жалғасып, Үндістандағы эпидеиолгиялық жағдайдың оңала бастауы әлем бойынша іскерлік белсенділікті арттырып отыр. Мамырда коронавируспен сырқаттану бойынша негізгі статистиканың жақсарғаны байқалды. Әлемде ауруды жұқтырудың расталған жағдайлар саны сәуірмен салыстырғанда 20%-ға төмендеді. Еуропадағы тұрақты эпидемиологиялық ахуал және Үндістанда сырқаттанудың төмендеуі пандемияның үшінші толқынының бәсеңдеуіне ықпал етті. Үндістанда аурудың жаңа жағдайлары тәулігіне 414 мың ең жоғары көрсеткіштен 86 мыңға дейін қысқарды. Еуропаның көптеген елдері карантиндік шектеулерді алып, вакцина алған туристерге шекараларын ашып жатыр.
Әлемде іскерлік белсенділіктің қалпына келуі жалғасуда, мұны мамырда қызмет көрсету секторының белсенді түрде қалпына келуі аясында тарихи ең жоғары көрсеткіштерді жаңартуды жалғастырған Global Composite PMI индекстері растайды. Инфляциялық күтулердің өсуі және соның салдарынан әлемдік орталық банктердің монетарлық саясатты күшейтуіне қатысты алаңдаушылық бір ай ішінде әлемдік қор индекстерінің аралас динамикасына және әлемдік валюта нарығына әсер етті. АҚШ-тан жеткен жағымсыз макроэкономикалық деректер дамушы елдердің валюталарына сәл де болса, оң әсер тиігзіген. Оңтүстік Африка ранды 5,2%-ға, Бразилия реалы 4,0%-ға, Ресей рублі 2,5%-ға нығайды. Владимир Путин мен Джо Байденнің кездесетіні туратын мәлімет тарап, нақты доспардың бекітілуі Ресей рублінің өсуіне ықпал етіп отыр.
Әлия Молдабекова Түркияның орталық банкі қабылдаған шорқақ шешімдер түрік лирасын 2,4%-ға әлсіреткенін айтады. «Кейбір экономистер (Goldman Sachs) АҚШ федералдық резервтік жүйесінің өзгермейтін саясаты және экономикасы қалпына келген елдердің көбеюі доллардың бағамын әлсіз үкйінде қалдыруы мүмкін деп болжайды.
Алайда, жетекші елдердің орталық банктерінің риторикасын қайта қарау тәуекелдері сақталып отырғанын ескеру керек», — дейді Ұлттық банк өкілі. Мамырда эталондық Brent сұрыпты мұнайдың бір баррелі 69,32 АҚШ долларына дейін немесе 3,1%-ға өскен. ОПЕК+ елдері мұнай өндіру жөніндегі қолданыстағы келісім мерзімін ұзартқаны және бар. Мамыр айында мұнай бағасының құлдырап барып, ктерілуін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Иранның ядролық мәміле жөніндегі келіссөздерімен байланыстырады.
«Айдың екінші жартысында мұнайға баға белгілеу Иран президентінің батыс елдерінің санкцияны алып тастау ниеті туралы мәлімдемесі аясында біршама төмендеді: үш сауда сессиясында Brent бағасы бойынша 6%-дан астам құн жоғалтты. Алайда АҚШ мемлекеттік департаменті өкілдерінің Иранмен болған келіссөздерінде қиындықтардың орын алғаны туралы түсіндірмелері Иран мұнайының әлем нарығына жақын арада оралуына күмән тудырып, мұнай бағасы түзетілді», — дейді Әлия Молдабекова.
Маусымның басында да осы оң серпін жалғасқанын көріп отырмыз. Тіпті Иранмен ядролық мәміле бойынша келіссөздер бір аптаға кейінге қалдырылғаннан кейін мұнай бағасы соңғы екі жылда алғаш рет бір баррель үшін 72 доллардан жоғары көтерілген болатын. Ұлттық банк сарапшысы әзірге Ирнан мен АҚШ арасында келіспеушіліктер сақталып отырғанына қарамастан, бір тоқтамға келу ықтималдығы жоғары екенін ескертеді. Мамырда теңге бағамы мұнай бағасымен бірге өсіп, 1 доллар үшін 428,71 теңге болды. Яғни, 0,1%-ға нығайған. «Экспорттаушылар салық кезеңінде шамамен 290 млн АҚШ долларын биржада конвертациялады. Ал бейрезиденттердің Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына келуі шамамен 100 млрд теңгені құрады.
Барлық аталған оң факторлар аясында теңгенің шамалы нығаюы дивидендтер төлеу үшін шетел валютасына сұраныстың артуына байланысты болды. 2021 жылы да көптеген банктер мен компаниялар наурыз-сәуір аралығында 2020 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу жөнінде шешім қабылдады. Шетел валютасында төлеу, атап айтқанда, ірі жергілікті банктердің бірі ұсынған шетел валютасында төлеу қажеттілігі мамыр айында нарық тарапынан қосымша сұраныс факторы болды», – дейді Ұлттық бнак төрағасының орынбасары.
Осының арқасында бұл кезеңде Ұлттық Банк интервенция жүргізуге мжбүр болған жоқ. Тек бюджетке трансферттер аудару үшін валюта нарығында 553 млн АҚШ доллары конвертацияланған. Еліміздің алтынвалюта резервтері мамырдың қорытындсында 2,2 млрд долларға ұлғайып, 36,5 млрд долларға жеткен. Оған алтын бағасының бір унция үшін 1769 доллардан 1892 долларға дейін көтерілуі себепкер болған. Мұны алтын бағасы қалпына келіп жатыр деп айтуға болады. «Резервтер құрамындағы алтынның үлесі 67,7%-ға жетті. Бағалы металл бағасының өсуіне АҚШ-та мемлекеттік бағалы қағаздар кірістілігінің төмендеуі және АҚШ доллары бағамының жаһандық төмендеуі себеп болды. Еркін конвертацияланатын валютадағы активтер 311 млн долларға, оның ішінде депозиттер мен Ұлттық банк шоттарындағы қаражаттың есебінен 297 млн долларға өсті», – деп жазады Ұлттық банк өкілі.
Мамыр айының соңында Ұлттық қордың валюталық активтері бір айда 800 млн долларға ұлғайып, 58,5 млрд долларға дейін жетті.
«Өткен айда Ұлттық қордың валюталық активтерінің өсуі валюталық түсімдердің ұлғаюына және оң инвестициялық кіріске байланысты болды. Мамырда валюталық түсімдер 720 млн доллар болды. Қорға түсетін түсімдердің елеулі деңгейі биылғы жылы мұнай бағасының қалпына келуіне және мамырдағы үлкен салық төлемдерінің кезеңіне байланысты қалыптасты», – дейді Әлия Молдабекова. Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында шекті қалдықты ішкі жалпы өнімнің 30%-ы деңгейінде сақтау талабы бекітілген. Яғни Ұлттық қордың активтері шекті мәннен төмендеген жағдайда бюджетке алынатын трансферттердің мөлшері тиісті шамаға азайтылып отыруы керек.
«2021 жылдың басынан бері дамушы елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарына салынатын инвестициялары 1,3 млрд долларға және инвестициялық деңгейдегі корпоративтік облигациялар 500 млн доларға ұлғайтылды. Алдын ала деректер бойынша осы жылдың 5 айында Ұлттық қор активтерінің кірістілігі 1,64 млрд долар болды. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп Ұлттық қордың жинақтау функциясын қамтамасыз етуге ықпал ететін қосымша тетіктерді әзірледі. Осылайша, 2023 жылдан бастап кепілдік берілген трансферттің мөлшерін айқындау контрциклдық бюджет қағидасына негізделетін болады», – дейді Ұлттық банк өкілі.
Жыл басынан бері инфляция көлемі шамамен 3,5% болған. Ал бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы активтердің кірістілігі 5,3% болған. Демек, БЖЗҚ салымшыларының тазар кірісі 1,8% мөлшерінде сақталған. БЖЗҚ салымшылары тұрғын үй жағдайларын жақсарту, емделу және жеке компаниялардың басқаруына беру үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалануға берілген мүмкіндікті пайдаланып, 5 айда 1,4 трлн теңгені БЖЗҚ-дан шығарған. Әлия Молдабекова ай сайын бұл сома азайып келе жатқанын айтады. Зейнетақы жинғаынан салымшыларға берілген біржолғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері ақпанда 643 млрд теңге болса, наурызда 302 млрд теңге, ал сәуірде 283 млрд теңге болған. Мамырда ол тіпті 179 млрд теңгеге дейін азайып отыр.