Жұмыс істейтін адамның ай сайынғы жалақысынан жеке табыс салығы ұсталатыны белгілі. Отбасы банкінен несиеге баспана алғандар жаңағы салықтың түріне жеңілдік ала алады
Аталған банктен несиеге үй алған адам банк белгілеген сыйақы мөлшерінде салық жеңілдігіне ие болады.
Ол үшін не істеу керек? Ипотекамен баспаналы болған азамат Отбасы банкімен жасаған несие шарты мен қарызды өтеу мерзімі белгіленген кестенің көшірмелерін және төлем түбіртегін алып, жұмыс берушісіне тапсыруы керек. «Есепші осы құжаттарды қарап, банктің қосқан сыйақы мөлшерін есептейді де жұмысшының жалақысынан сыйақы мөлшерін шегеріп, ұсталатын салықты азайтуға тиіс. Сөйтіп, жұмысшыдан салық аз ұсталатындықтан оның жалақысы бұрынғыдан көбірек түседі. Салық кодексіндегі бұл жеңілдіктер басқа банктерден ипотека рәсімдеген азаматтарға да қарастырылуы тиіс болған. Бірақ әзірге бұл кейінге қалыпты.