Site icon Деловая Жизнь Казахстана

Кәсіпкерлер палатасы: «Кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімдеріне қатысты байқауға ашықтық керек»

agriculture-

Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Гаухар Елеусінова айтты

Палата маманы кәсіпкерлер үшін жер қатынастары мәселесі қашанда өткір сұрақтардың бірі екенін айта келіп, Палатаға келіп жатқан шағымдардың негізінде кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелеріне құқық беруде сауда-саттықты (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асыру, сонымен қатар, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру барысында ашықтыққа қатысты проблема бар екендігін жеткізді.
«Мәселен, аукционға қойылатын жер учаскесі туралы мәліметтерді қамтитын аукцион өткізу туралы хабарлама аукцион өткізудің жарияланған күнінен бұрын он бес күннен кешіктірілмей мерзімді баспасөз басылымында, мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде жариялануы тиіс. Сондай-ақ, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны баспа басылымдарында, интернет-ресурсында жариялау, арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру қажет. Алайда, Палатаның жасаған талдауы Қызылорда қаласы және кейбір аудандық әкімдіктермен бұл талаптардың орындалмай отырғандығын көрсетті», — дейді Гаухар Елеусінова.
Кәсіпкерлер палатасының маманы мысал ретінде Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімінің хабарландыруды ресми сайтта жарияламай, тек газетке шығарумен ғана шектеліп жүргендігін, Жалағаш ауданында 2020 жылғы 25 сәуір күні өткізілетін конкурс туралы хабарлама аудан әкімдігі сайтына 2020 жылы 7 тамыз күні орналастырылғандығын, яғни конкурс өткізу қағидасын бұза отырып, конкурс аяқталғаннан кейін хабарлама жасалғандығын атап өтті.
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының мамандары жергілікті атқарушы органдардың ресми сайтына хабарландыру орналастыруда бір ізділіктің жоқтығы да кәсіпкерлер үшін проблема турыратындығын айтуда. Мысалы, бір ресми сайтта хабарландыру «баспасөз орталығы» бөлігінде орналасса, кейбірінде «құжаттар» бөлігінде орналастырылған. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлік мақсатта жер учаскесін алуға үміткерлердің ақпарат алуына кедергі деп отыр мамандар.
«Ақпараттардың қолжетімсіздігін аукционға қатысу үшін өтінімдер айырмашылығынан да байқауға болады. Мысалы 2020 жылы облыс бойынша жарияланған 357 лотқа 409 азамат өтінім берген. Аукционға шығарылған жер учаскесіне екеуден төмен өтінім болуына байланысты ол лот өткізілмейтінін ескерсек, бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жетілдіруді қажет етеді» – дейді Палата маманы Гаухар Елеусінова.
Кәсіпкерлер палатасы мәселені шешу үшін мынадай ұсыныстар беруде:

Кәсіпкерлер палатасының көтеріп отырған аталмыш мәселесі Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысында да қаралып, тиісті органдар тарапынан зерделеу жүргізілетін болды.

Exit mobile version