Site icon Деловая Жизнь Казахстана

Карантин талаптарын бұзған қазақстандықтарға 1,2 млрд теңге айыппұл салынды

people 5828891 1280 Карантин талаптарын бұзған қазақстандықтарға 1,2 млрд теңге айыппұл салынды

9,1 мың шағын және орта бизнес иесі, 6,8 мың жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 31 мамырдағы жағдайға сәйкес карантин талаптарының сақталуын бақылайтын мониторинг топтары 95 мыңға жуық рейд жүргізіп, 585 мыңнан астам нысанды тексереді.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.  16 мыңнан астам кәсіпкерлік нысаны шектеу талаптарын бұзған. Карантин режимін бұзған кәсіпкерлік нысандарының басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында, сондай-ақ, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.
Карантин талаптарын бұзғаны үшін 9,1 мың шағын және орта бизнес иесі, 6,8 мың жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы шектеу шараларын сақтамағаны үшін қазақстандықтарға 1,2 млрд теңге айыппұл салынды», – деп жазылған хабарламада.  Тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша 300 іс сотқа жіберліп, 76 нысанның қызметі уақытша тоқтатылды.

Exit mobile version