Site icon Деловая Жизнь Казахстана

LG мобильді телефон өндірісін тоқтатады

trash with paper balls recycling symbol 1 LG мобильді телефон өндірісін тоқтатады

Шығын мен нарықтағы бәсекелестіктің жоғары болуы компанияның осындай шешім қабылдауына себеп болған

Оңтүстік Кореяның LG Electronics корпорациясы ұялы телефон нарығынан кететінін жариялады, деп хабарлайды Yonhap агенттігі. Мұндай шешім қабылдауға шығын мен нарықтағы бәсекелестіктің жоғары болуы мәжбүр еткен. Агенттіктің мәліметіне сенсек, компания вьетнамдық Vingroup корпорациясы мен Volkswagen неміс автоконцерніне мобильді құрылғылар өндірісін сатпақшы болған, бірақ тараптар келісімге келе алмаған.LG ұялы телефондарының өндірісі 2015 жылдан бастап шығынға ұшырай бастады. Компанияға келген шығын көлемі өткен жылы 4,4 млрд долларға жеткен болатын.
 

Exit mobile version