Site icon Деловая Жизнь Казахстана

Мәжілісте бюджет заңнамасын жетiлдiру туралы құжат қаралды

210421105240637e Мәжілісте бюджет заңнамасын жетiлдiру туралы құжат қаралды

Фото с сайта inform.kz

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев бюджет қаражатына қатысты жаңашылдықты жариялады

Әсет Ерғалиевтің айтуынша, аудиторлық есеп нәтижесі бойынша заңнамада белгіленген мақсатқа пайдаланылмаған нысаналы аударымдар 3 ай ішінде республикалық бюджетке қайтарылады.  «Жергілікті атқарушы органдарға жергілікті бюджеттің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға қарыз бөлу мерзімін 3 жылдан 6 айға дейін қысқарту ұсынылды.
Бұл жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтудағы ықпалын арттыруға тиіс. Бұдан бөлек есептілікті жетілдіру аясында 2024 жылдан бастап «Шоттардың бірыңғай жоспары» жаңа құралын енгізу бастамасы көтерілді», – деді ол.
Министрдің мәлімдеуінше, бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жетілдіру үшін стратегиялық жоспарлар мен өңірлерді дамыту бағдарламаларының іске асырылуы туралы есеп негізінде бюджет шығысы туралы сараптамалық есеп жүргізіледі.
«Парламентте жылдық есепті қарау кезінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді пайдалану бойынша әкімдердің есебін тыңдау көзделеді. Бұл жергілікті атқарушы органдардың нысаналы трансферттерді пайдалану бойынша жауаптылығын арттыруға мүмкіндік  береді», – деді Әсет Ерғалиев.
 

Exit mobile version