Site icon Деловая Жизнь Казахстана

Мемлекет «сертіне берік» кәсіпкерлерге ғана қолдау көрсетпек

1 19 2 Мемлекет «сертіне берік» кәсіпкерлерге ғана қолдау көрсетпек

Фото: primeminister.kz

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев алдағы уақытта бизнеске қаржылық қолдау шаралары олардың қарсы міндеттемелеріне байланысты көрсетілетінін мәлім етті

Үкімет мүшелері Сенат депутаттарына республикалық бюджет былтыр қалай атқарылғаны жөнінде есеп беріп жатыр. Қаржы министрінің айтуынша былтыр бюджеттен бөлінген қаражаттың едәуір бөлігі 13 мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыруға бағытталған. Атап айтқанда, мемлекет қаржысының басым бөлігі «Нұрлы жол» және агроөнеркәсіптік кешендегі бағдарламаларға жұмсалған. Одан бөлек мемлекет банктер мен микроқаржы ұйымдарында қарызы бар 30 мыңнан астам берешегін өтеп берген. «Есеп комитеті мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі жөнінде бірқатар мәселені атап өтті. Олар жұмыс топтарында да талқыланды. Осыған орай биыл Мемлекеттік басқару тұжырымдамасы қабылданғанын атап өткім келеді. Жаңа тәсілдер енгізіледі. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау кезінде мемлекеттік органдар қоғам мен бизнестің қажеттіліктерін ескеруі тиіс. Сондай-ақ, нәтижеге қол жеткізу үшін жеке жауапкершілік күшейтіледі», – деді Ерұлан Жамаубаев.
Министр сонымен қатар былтыр өңірлерде басталған, бірақ аяқталмаған нысандары түгенделгенін айтады. Сондай-ақ биыл 454 млрд теңге нысаналы даму трансферттері ретінде бұрын басталған жобаларды қаржыландыруға бағытталған.  «Есеп комитеті қолданыстағы шығыстарды іске асырудан алынатын нәтижені қайта қарауды ұсынған болатын. Бұған қатысты 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезінде мемлекеттік органдар алғаш рет бюджеттік субсидиялар мен инвестициялық жобаларға мәлімделген шығыстардан экономикалық қайтарымы туралы есептерді ұсынатынын атап өткім келеді. Сөйтіп бюджет тиімділігін арттыру Үкіметтің ерекше назарында тұр. Бизнеске қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары олардың қарсы міндеттемелеріне байланысты көрсетіледі», – деді ол.
 
 

Exit mobile version