Site icon Деловая Жизнь Казахстана

«Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды

«Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды

Фото: Polisia.kz

Іс барысында пандемия кезінде Қазақстан аумағынан шыға алмай қалған  шетелдіктерге көмек көрсетілді.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі хабарлауынша, ІІМ көші-қон қызметінің қызметкерлері жыл басынан бері 5 мыңнан астам мигрант пен төлқұжатының мерзімі өтіп кеткен 956 шетел азаматының шекара асуына жағдай жасады.
«Көші-қон заңнамасын қасақана бұзатын адамдарды анықтау мақсатында полиция қызметкерлері шетел азаматтары топтасып тұратын жерлерге тексеру жүргізді. Шетел азаматтарының жалдамалы еңбегін заңсыз пайдаланатындардың тұрғын үй секторына, құрылыс нысандарына, базарларға, ұйымдар мен заңды тұлғалардың мекенжайына рейд ұйымдастырылып, автокөліктер тексерілді. Операция барысында көші-қон заңнамасын бұзған 13,5 мың факті анықталды. Оның ішінде: шетелдіктердің елде болу мерзімін бұзушылығына қатысты 10 мың,  елімізде заңсыз еңбек етіп жүрген шетелдіктерге қатысты 3 316 факті тіркелді. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 702 жұмыс берушіге әкімшілік жаза тағайындалды. Шетелдіктердің келгені туралы ішкі істер органдарына дер кезінде хабарламаған 5 233 жеке және заңды тұлға шара қолданылды. Қайыршылықпен айналысқан 62 шетелдік жауапкершілікке тартылды», – деді Нұрділдә Ораз.
 

Exit mobile version