Бейжің әлемдегі миллиардері ең көп қалаға айналды. Былтыр мұнда тұратын миллиардерлер саны – 100-ге жетті. Өткен жылы Қытай астанасынан 33 жаңа миллиардер шықты. Бейжіңдегі ең бай адам – ByteDance негізін қалаушы Чжан Имин. Оның байлығы 35,2 миллиард доллар
Одан кейінгі сатыда Нью-Йорк. Бұл қаладағы қалталылар саны – 99. Былтыр қаладағы миллиардерлер қатарына тағы жеті адам қосылған. Нью-Йорктегі ең бай адам – бұрынғы қала мэрі Майкл Блумберг. Оның жеке капиталы – 59 миллиард доллар.
Сонымен бірге, АҚШ миллиардерлер саны бойынша көшбасшы болып қала береді. Бұл елдегі дәулеттілер саны – 724 адам. Ал екінші орындағы байлар саны – 698. Оның басым бөлігі Гонконг пен Макаода тұрады. Одан кейінгі орындарда Үндістан (140), Германия (136) және Ресей (117) тұр.
Айта кетейік, биыл жеті қазақстандық әлемдегі ең бай адамдардың қатарына енген болатын.
- Кәсіпкер Владимир Ким – 622 орын (жеке капиталы – 4,6 миллиард доллар);
- Кәсіпкер Болат Өтемұратов – 891 орын (3,4 миллиард доллар);
- Kaspi.kz-тің негізін қалаушы Вячеслав Ким – 925 орын (3,3 миллиард доллар);
- Оның командаласы Михаил Ломтадзе – 956 орын (3,2 миллиард доллар;
- Тимур мен Динара Кулибаевалар – 1111 орын (әрқайсысының капиталы – 2,8 миллиард доллар);
- Freedom Holding Corp. иесі Тимур Турлов – 1517 орын ( 2,2 миллиард доллар).