Site icon Деловая Жизнь Казахстана

Мобильді салық

e S Мобильді салық

Елімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрлық мемлекеттік қызметтер белсенді түрде енгізіліп жатыр. Әлемдік пандемия жағдайында бұл іс-шаралардың маңызы арта түсті

Үйде, кеңседе отырып, қажетті қызметті онлайн алу мүмкіндігі көпке көмек болды. Дегенмен, көпшілік бұл қызметтердің көбімен таныс емес. Мәселен, өткен жылдан бері халық игілігіне қызмет етіп жатқан E-salyq Azamat мобильдік қосымшасы туралы екінің бірі біле бермейді. Жақында Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мәмин осы және өзге де пайдалы мобильді қосымшаларды халық ішінде кеңінен ақпарат таратып, таныстыру қажет деген болатын.
Мобильдік  қосымшада үйден шықпай салық төлеу мүмкіндігімен қатар, салықтың берешегі, алдағы салық туралы ақпарат пен реквизиттердің барлығы көрсетілген. Мұнда салықтың кез келген түрі бойынша ақпаратты білуге болады.
Сонымен қатар, электрондық салық әмиянын онлайн толтыруға болады. Қосымшада шағымдарға, сұрақтар мен жауаптарға арналған парақ та бар.
Салық органдарына бару үшін бұл жерден кезекті де онлайн брондау мүмкіндігі берілген. Қосымшаға жүктелген калькулятор көмегімен салықты өздігімен есептеу де ескерілген.
Осы уақытқа дейін онлайн сервис мүмкіндіктерін 370 мыңға жуық азамат пайланып үлгерді, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде.
Оның ішінде түзету сервисін (жылжымайтын мүлік, автокөлік) – 10 мың адам пайдаланып, 6,4 мың автокөліктің иелері уәкілетті органдағы деректерді дұрыстаған. Сондай-ақ, артық төлемді
басқару сервисінің көмегімен 7 мың азамат смартфон арқылы артық төленген салықтарын басқа салықтарына аударған. Жалпыға бірдей декларациялау аясында активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны 207 мың адам тапсырған.
Сервисті App Store және Play Market-тен тегін жүктеп алуға болады. Қосымшаны қолдану оңай әрі түсінікті.
Негізі, қазірдің өзінде цифрлендірудің халық ішінде даму қарқыны мамандарды қуантып отыр. Мәселен, қолма-қол ақшасыз төлемдер соңғы кездері үйреншікті тәжірибеге айналды. Ресми мәліметтерге сәйкес, бюджетке түскен қолма-қол ақшасыз төлемдер 80% құраса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 90% құрады.
Алдағы уақытта оңтайландырылған цифрлік технологиялардың игілігін 100% отандасымыз қолдана алатынына үміт бар.

Exit mobile version