ИЫҰ-ның ғылым және технология жөніндегі саммиті Қазақстанның бастамасымен өтіп келеді. Алғашқы саммит 2017 жылдың қыркүйек айында елордада өткен болатын
«Бүгін, 16 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) ғылым және технология жөніндегі екінші саммитіне бейнебайланыс арқылы қатысады. «Ғылым, технология және инновация: жаңа белестерге жол ашу» атты тақырып бойынша өтетін виртуалды саммитке Біріккен Араб Әмірліктері төрағалық етеді. Жиында ғылым, технология және инновация салаларындағы өзара ықпалдастық мәселелері, сондай-ақ, 2026 жылға дейінгі аталған бағыттардағы ИЫҰ бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланбақ»,– деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желі арқылы.