Site icon Деловая Жизнь Казахстана

Қасым-Жомарт Тоқаев: QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады

qazvac Қасым-Жомарт Тоқаев: QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады

Фото с сайта primeminister.kz

Президент отандық екпені әзірлеген ғалымдарға алғыс білдірді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-де жазды

«QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады. Барлық азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын!», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өткен бейсенбіде, яғни 22 сәуірде COVID-19-ға қарсы отандық QazVac екпесінің алғашқы 50 мың дозасы өңірлерге жөнелтілді. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың бұған дейін хабарлағанындай, 50 ​​мың дозадан тұратын вакцинаның ендігі партиясы мамыр айында шығарылады. Әрі қарай вакцина өндірісі біртіндеп айына 500-600 мың дозаға дейін көбейтіледі.
QazVac-ты егу 26 ​​сәуірде басталады.

Exit mobile version