Ауылшаруашылыққа арналған жерлерді цифрлық мониторингілеуге арналған бұл жоба арқасында 750 мың гектар бос жатқан және 8 миллион гектарға жуық рационалды емес пайдаланылған жайылымдар анықталған, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі
Қаржы министрлігінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ мамандары QOLDAU.KZ цифрлық платформасында орналасқан Supervision технологиясының қызметін құрған болатын. 2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда осы қызметті пайдалана отырып, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Маңғыстау облыстарындағы ауылшаруашылық жерлерін ұтымсыз пайдаланылуын бақылау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылды. Соның барысында 750 мың гектар бос жатқан және 8 миллион гектарға жуық рационалды емес пайдаланылған жайылымдар анықталды.
«Supervision technology» қызметі американдық және еуропалық ғарыш агенттіктері — NASA және ESA депозитарийлерінен Жерді қашықтықтан зондтау деректерін жүктеп, талдайды. Жүйе бірнеше сәулелену диапазонын талдайды және нақты егістік геоконтурасының индекстері графикасын Big Data және Machine Learning технологиялары негізінде жасалған мәдени өсімдіктер индексінің мінез-құлық моделдерімен салыстырады. Осылайша, бақылау жүйесі осы егістік алқапқа егін егілген бе немесе егістік бос тұрғандығын анық көрсетеді.
Жайылымдарды бақылау камеральды түрде де жүзеге асырылады. Жүйе шаруа қожалықтарына бекітілген жайылымдардың болуы туралы, сондай-ақ фермаларда ауыл шаруашылығы жануарларының болуы туралы мәліметтер жүктейді. Талдау кезінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен жүктеме нормалары қолданылады. 2020 жылы ауылшаруашылық жерлерінің мониторингі қызметі сәтті қолданылғаннан кейін Қазақстан Үкіметі бұл жұмысты ұлттық ауқымда жүргізу туралы шешім қабылдады. Жұмыс Президенттің 2021 жылғы қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау аясында басталды. Айта кетсек, WSIS PRIZES 2021 байқауын Халықаралық телекоммуникациялар Одағы (ITU) ЮНЕСКО, БҰҰ Сауда және даму жөніндегі Конференциясының (ЮНКТАД) және БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен өткізеді.
Бұл жобадағы жеңіс ІТ-саласындағы беделді марапаттарының бірі саналады. Жеңімпаздар үздік бестікке кіретін «чемпион»-жобалар арасынан таңдалады, олардың атаулары 2021 жылдың 17-21 мамыр аралығында Женевада өтетін «WSIS 2021» форумында белгілі болады.