Site icon Деловая Жизнь Казахстана

Қостанайда өңірдегі алғашқы этнокафе салынды

kyoodc43 Қостанайда өңірдегі алғашқы этнокафе салынды

Фото: inbusiness.kz, Надежда Мацарина

Бірегей нысан Рудный қаласында орналасқан. Этнокафе киіз үй түрінде салынған, онда келушілерге – асылған ет, қуырдақ, бауырсақ, құрт, қымыз, жент, шұбат және басқа да ұлттық өнімдер ұсынылады. Айта кетелік, шұбатты этнокафе иесі өзі өндіреді, өйткені – Нұрмахановатар отбасының Юбилейный ауылында түйе фермасы бар.

Алмат Нұрмаханов – бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысады. Ауыл шаруашылығында 15 жылдай жұмыс істеп ол Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Бастау Бизнес» курсына қатысты, 2016 жылы «Атамекен-Қостанай» МҚҰ» ЖШС арқылы жеңілідкпен несие алды. Осылайша алғашқы 5 түйе пайда болды.  Өңір үшін бұл бизнес – айтарлықтай жат, алайда шұбат сусыны өз клиенттерін тез тапты. Түйе еті мен жүніне де сұраныс артты, сондықтан екі жыл өткен соң Алмат Нұрмаханов жеңілдікті шарттармен тағы 5 млн теңге несие алды. Осымен қатар кәсіпкер туристік бағытты да дамыта бастады. Фермаға экскурсия ұйымдастырылды, шаруашылықта 30 түйе көптің көзайымына айналды.
«Біз жұбайым екеуміз киіз үйде кафе ашу туралы көп ойлап жүрдік, онда адамдар сәйкес атмосферада ұлттық тағамдарды татып, жайланар еді. Оның үстінде өңірде мұндай орындар әзірге жоқ. Биыл мақсат іске асты. Киіз үй өзіміздікі болды. Біз оны Өзбекстаннан көп жыл бұрын әкелдік. Кейін оны сатуға тура келді, бірақ жақында оны қайта сатып алып, қуанып отырмыз. «Қыз Жібек» жобасы – жұбайымның бастамасы. Ол тамақты дәмді дайындайды», – дейді Алмат Нұрмаханов.
Кәсіпкердің айтуынша, әр заманның өз талаптары бар. Сондықтан оның нысаны бірден Ashyq жобасының қатысушы атанды. Алмат Нұрмаханов пандемияны жұмыла ғана еңсеруге болатынына сенімді.
«Қалыпты тіршілікке тезірек оралсақ дейміз. Жоспарымыз көп. Қазір жер конкусына қатысып жатырмыз. Мал басы өсті, орын аз. Мұндай фермаға қонақтарды әкелуге қысыламыз. Киіз үйде демалып, түйе мінуге болатын толыққанды туристік базаны салсақ дейміз», – дейді Алмат Нұрмаханов.
 
 

Exit mobile version