Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің шешімі бойынша сертификаттың жарамдылық мерзімі 2022 жылдың 1 тамызына дейін ұзартылды. Бұл құжат отандық кәсіпкерлерге Одақ елдеріне сериялық өнімдердің шексіз партияларын экспорттауға мүмкінде береді
Бұл норма қазақстандық кәсіпорындарға әкімшілік шығындарды қысқарту, ЕАЭО елдерінде ДСҰ міндеттемелеріне байланысты ерекше шарттар қолданылатын тауарлармен кедергісіз сауда жасау үшін қажет.
Тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу мүмкіндігі 2020 жылдың қарашасында пайда болды. Қолдану мерзімі ағымдағы жылдың шілде айына дейін берілді. Сериялық сертификат өнім өндірушілеріне 6 ай мерзімге беріледі. Бүгінде сериялық өнімдердің тез бұзылатын тауарлардың тізімі 50 аталымнан тұрады, атап айтқанда: ет, балық, сүттің табиғи компоненттерінен тұратын өнім түрлері, салмасы бар макарон өнімдері.
Бұл құжат ЕАЭО елдері бағытына ДСҰ тізіміне енген тез бұзылатын тауарлар бойынша берілетін СТ-1 сертификатының баламасы.
Анықтама үшін: СТ-1 сертификаты Қазақстан аумағынан сыртқа шығарылатын өнім ел аумағында дайындалған немес өңделгенін растайды және ТМД елдеріне экспорттау үшін беріледі.
«Атамекен» сонымен қатар кәсіпкерлердің Ұлттық палатаға өтініш жасауына байланысты сериялық өнім тауарларының тізбесін кеңейту мәселесін пысықтауды бастады.