Site icon Деловая Жизнь Казахстана

Twitterдің 2020 жылғы табысы

twitter 292988 1280 Twitterдің 2020 жылғы табысы

Image by Thomas Ulrich from Pixabay

Компанияның 35-тен астам кеңсесі әлемнің түкпір-түкпірінде жұмыс істейді

Twitter компаниясының табысы өткен жылы 3,716 млрд долларға жетті делінген компанияның соңғы мәлімдемесінде.  2020 жылдың соңына қарай компаниядағы қызметкерлер саны  5 500-ден асқан. Олар әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 35-тен астам кеңседе жұмыс істейді. Әлеуметтік желі басшылығы 2025 жылға қарай қызметкерлердің кем дегенде тең жартысы әйелдер, төрттен бір бөлігі әр түрлі азшылықтардың өкілдері болады деп жоспарлап отыр. Америкалық Twitter Inc. компаниясы 2006 жылы құрылған болатын. Корпорацияның негізгі өнімі – қысқа хабарламалар алмасуға арналған әлеуметтік желі. Оның штаб-пәтері Калифорния штатындағы Сан-Франциско қаласында орналасқан.

Exit mobile version