Site icon Деловая Жизнь Казахстана

Үкімет басшысы: Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты қаржыландыруды қамтасыз ету қажет

harvester 3562476 1280 Үкімет басшысы: Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты қаржыландыруды қамтасыз ету қажет

2025 жылға қарай ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты. «Ұлттық экономика министрлігі ауылдық аумақтарды кешенді дамыту жұмысын тиісті көрсеткіштермен және бірыңғай тәсілмен үйлестіруді қамтамасыз етсін», — деді Асқар Мамин.
Оның атап өтуінше, Ауыл шаруашылығы министрлігі «Бәйтерек» холдингімен және әкімдіктермен бірлесіп, ауылдық жерлерде кредит қаражатына қажеттіліктің артуын ескере отырып, агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты қаржыландыруды, барлық жоспарланған жобалардың іске асырылуын қамтамасыз етуі тиіс.
«Индустрия, Энергетика, Денсаулық сақтау, Білім, Мәдениет министрліктері барлық қажетті шараларды қабылдап, 2025 жылға қарай ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етсін», — деді Премьер-Министр.

Exit mobile version