Site icon Деловая Жизнь Казахстана

Заңсыз көші-қонмен күрес. Көршілер бірге әрекет етпек

steelworkers 1029665 1280 Заңсыз көші-қонмен күрес. Көршілер бірге әрекет етпек

Image by Peggy und Marco Lachmann-Anke from Pixabay

Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қырғыз Республикасының үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданды

Осыдан 2 жыл бұрын Бішкек қаласында қол қойылған құжат азаматтық туралы ақпарат алмасуға, заңсыз көші-қонмен күресуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев: «Азаматтар туралы жеке ақпарат алуға болады. Екі ел үкіметі тәжірибе алмасып, бір-біріне практикалық көмек көрсетеді. Көші-қон саласындағы қылмыспен күресіп, заңсыз каналдарды жоюға мүмкіндік алады. Қырғызстан парламенті келісімді 2021 жылғы 17 ақпанда бекітті», – деді. Министрдің мәлімдеуінше, былтыр Қазақстанға Қырғызстаннан 281 мыңнан астам азамат келді. Соңғы 3 айда елімізге енген қырғыз азаматтарының саны  32 мың адамнан асты.  «Қазақстаннан былтыр 175 мың азамат Қырғызстанға барды. Соңғы 3 айда мұндай адамдардың саны 36 мыңды құрады. Қазақстан осындай келісімді Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Беларусь мемлекетімен жасады. Заң азаматтық туралы ақпарат алмасуға, заңсыз көші-қонды реттеуге, қос азаматтықпен күресуге бағытталған. Құжат әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ қосымша қаражат талап етпейді», – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Exit mobile version