Site icon Деловая Жизнь Казахстана

Бөлшек сауда көлемі 6,2%-ға ұлғайды

1620px ordabasy plaza shymkent Бөлшек сауда көлемі 6,2%-ға ұлғайды

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев еліміздің бір қаласы мен бір облысын ерекше атап өтті.  Министрдің мәлімдеуінше, экономиканың 7 көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысы өте жақсы нәтижеге қол жеткізген

«Экономиканың 7 көрсеткіші бойынша өңірлік бөліністегі жалпы жағдай мынадай: Барлық 7 көрсеткіш бойынша оң өсім 2 өңірде – Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында байқалды. 6 көрсеткіш бойынша 5 өңірде өсім тіркелді. Олар: Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстары. 9 өңірде 4-5 көрсеткіш бойынша өсім тіркелді.
Батыс Қазақстан облысында тек 2 көрсеткіш бойынша ғана өсім болды», – деді Әсет Ерғалиев.  Оның айтуынша, сауда саласының көрсеткіші жақсарып келеді. «Сауда бойынша 13 өңірде өсім байқалды. Бұл ретте бөлшек сауда көлемі  6,2%-ға ұлғайды», – деді Әсет Ерғалиев.

Exit mobile version