Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев еліміздің бір қаласы мен бір облысын ерекше атап өтті. Министрдің мәлімдеуінше, экономиканың 7 көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы мен…
Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев еліміздің бір қаласы мен бір облысын ерекше атап өтті. Министрдің мәлімдеуінше, экономиканың 7 көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысы өте жақсы нәтижеге қол жеткізген
«Экономиканың 7 көрсеткіші бойынша өңірлік бөліністегі жалпы жағдай мынадай: Барлық 7 көрсеткіш бойынша оң өсім 2 өңірде – Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында байқалды. 6 көрсеткіш бойынша 5 өңірде өсім тіркелді. Олар: Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстары. 9 өңірде 4-5 көрсеткіш бойынша өсім тіркелді.
Батыс Қазақстан облысында тек 2 көрсеткіш бойынша ғана өсім болды», – деді Әсет Ерғалиев. Оның айтуынша, сауда саласының көрсеткіші жақсарып келеді. «Сауда бойынша 13 өңірде өсім байқалды. Бұл ретте бөлшек сауда көлемі 6,2%-ға ұлғайды», – деді Әсет Ерғалиев.