Инфляция деңгейі 8 өңірде орташа республикалық деңгейден жоғары - Деловая Жизнь Казахстана
news full1569396743f9b0d40d35a3df30022bb99684b50474 Инфляция деңгейі 8 өңірде орташа республикалық деңгейден жоғары
Фото: BNews.kz
Редактор 13 мая, 2021 392 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 28 секунд

Инфляция деңгейі 8 өңірде орташа республикалық деңгейден жоғары

Үкімет отырысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов еліміздегі инфляция деңгейіне қатысты мәлімдеме жасады.  Вице-премьер тұтынушыларды қымбатшылық қысып жатқанын жеткізді «4 айдың қорытындысында экономикамыз жақсы нәтиже…

Үкімет отырысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов еліміздегі инфляция деңгейіне қатысты мәлімдеме жасады.  Вице-премьер тұтынушыларды қымбатшылық қысып жатқанын жеткізді

«4 айдың қорытындысында экономикамыз жақсы нәтиже көрсетті. Бұл өңдеу секторында, құрылыста, ауыл шаруашылығында, байланыс саласында өнім шығарудың өсімімен байланысты болды. Бұған қоса барлық өңірде бөлшек сауда көлемі өсті. Көлік саласында да серпіліс сезілді», – деді Әлихан Смайылов.
Вице-премьердің айтуынша, тұтыну нарығында баға шарықтап тұр. Жылдық мәнде инфляция деңгейі 8 өңірде орташа республикалық деңгейден жоғары.
«Жағдайды жақсарту үшін әкімдіктер мен мемлекеттік органдар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша жол картасын тиімді іске асыруға тиіс», – деді Әлихан Смайылов.