180 мың отандасымыз 42 500 теңге төлемін мемлекетке қайтарды - Деловая Жизнь Казахстана
42500 180 мың отандасымыз 42 500 теңге төлемін мемлекетке қайтарды
Редактор 05 апреля, 2021 596 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 1 минута

180 мың отандасымыз 42 500 теңге төлемін мемлекетке қайтарды

ТЖ-ға орай әлеуметтік төлем алғандар «қудалауға» ұшырауда.  Кейінгі кезде билік органдарына төтенше жағдай көмегін мемлекетке кері қайтармаған жұмыскерлерді жұмыс берушілердің қудалай бастағаны туралы шағым түсуде…

ТЖ-ға орай әлеуметтік төлем алғандар «қудалауға» ұшырауда.  Кейінгі кезде билік органдарына төтенше жағдай көмегін мемлекетке кері қайтармаған жұмыскерлерді жұмыс берушілердің қудалай бастағаны туралы шағым түсуде

Осындай мәселеге жолыққан азаматтар бұл шаралардың қаншалықты заңды екенін білгісі келеді.
Ресми мәлімет бойынша, 2020 жылы пандемия кезінде барлығы 4,6 млн адамға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлем төленіпті. Негізі, оған 9 миллионға жуық адам зәру екенін білдірген деседі. Дегенмен, билік әртүрлі себеп пен сылтау тауып, миллиондардың меселін қайтарды. Нәтижесінде, төтенше жағдай мен карантин шектеулерінің енгізілуі кесірінен табысынан айырылған 4,6 млн қазақстандыққа (біреуіне бір, кейбіріне екі-үш рет) көмек ретінде қордан жалпы сомасы 476 млрд теңге төледі.  Үкімет биылғы жылы төтенше жағдай енгізілсе, 42 500 теңге аудармайтынын мәлімдеді. Ел Парламенті бекіткен, 2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджетте бұған қаражат қарастырылмаған. Рас, егер тосыннан ел Президенті осыған ықтияр білдірсе, ондай қаржы Үкімет резервінен алынуы мүмкін. Ал МӘСҚ-тың ақшасы оған жетпейтін көрінеді. Себебі 42,5 мың теңге көмек сыртында қор коронавирус жұқтырған денсаулық сақтау қызметкерлеріне және COVID-19 дертінен қаза тапқан медицина мамандарының отбасыларына 20,5 млрд теңге төлем төлепті. Аталған қордың «қоржынында» 1,1 трлн теңге болған. Жалпы алғанда, індет ушыққан 2020 жылғы 10 айда МӘСҚ 704,4 миллиард теңге төлем жасады. Бұл қаражат қорға келіп түскен жарналар сомасынан 3,2 есе асып түсті. Әйтсе де, ТЖ әлеуметтік төлемін жаппай кері жолдаған қазақстандықтар МӘСҚ-ты біраз байытқан сыңайлы: оралған қаражаттың жалпы сомасы 7 млрд 650 млн теңгеден асыпты. «Өткен жылы аталған әлеуметтік төлемді алған адамдардың үлкен көлемі өзінің азаматтық парызын түйсініп, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының есепшотына шамамен 180 мың төлемді қайтарды. Бұл шара ерікті түрде жүргізілді және мемлекет төленген қаржыны қайтаруды талап етпеді», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов. Оның айтқанына сенсек, жұмыс берушілердің 42,5 мың теңгені қорға кері аударуды талап етуі – негізсіз. «Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек келісімшартын бұзудың негіздері Еңбек кодексінің 52-бабында көрсетілген. Бұл ретте төтенше жағдай режимін енгізу кезінде табысын жоғалтпаса да, азаматтардың жұмысынан айырылу бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді – 42 500 теңгені алу жағдайы кездесті. Сонымен бірге, Еңбек кодексінің 115-бабында жалақыдан ұстап қалудың негіздері жазылған. Жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулар сот шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан заңдарында көзделген жағдайларда жүргізіледі», – деді министр.