2021 жылдың 1-тоқсанындағы банк секторына шолу - Деловая Жизнь Казахстана
chart 1905225 1280 2021 жылдың 1-тоқсанындағы банк секторына шолу
Редактор 06 мая, 2021 220 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 1 минута

2021 жылдың 1-тоқсанындағы банк секторына шолу

Экономикадағы жағдайдың жақсаруы қазақстандықтардың коронавирусқа қарсы вакцинаны алуына байланысты болады Халықтың ауруға қарсы иммунитетін көтеру карантин шектеулерін алып тастауға мүмкіндік береді.  Банк секторының негізгі көрсеткіштері…

Экономикадағы жағдайдың жақсаруы қазақстандықтардың коронавирусқа қарсы вакцинаны алуына байланысты болады

Халықтың ауруға қарсы иммунитетін көтеру карантин шектеулерін алып тастауға мүмкіндік береді.  Банк секторының негізгі көрсеткіштері осы жылы да жақсарды; Нарықтағы қатысушылар санының азаюына қарамастан үздік бестікке кіретін екінші деңгейлі банктер арасында активтердің мөлшері өскен жоқ; Сектордағы оң динамика макроэкономикалық жағдайлардың тұрақтануын, NPL-ді капиталдандыруды арттыру, зейнетақы жинақтарынн алу есебінен кредит жүктемесінің төмендегенін (тұрғын үй қарыздарын берудің 2 есе өсуінен ипотекалық портфель аздап төмендеген – минус 0,2%), мемлекет тарапынан бизнес пен халыққа қолдау көрсетіліп жатқанын көрсетеді; Сектордағы активтердің өсуі (+4,0%) жоғары өтімді активтер үлесінің ұлғаюымен (40,6-дан 42,8%-ға дейін) қатар жүрді, ал кредит портфелі бейтарап динамиканы көрсетті; Жоғары кредит тәуекелдері, әсіресе шағын және орта бизнес субъектілерінде (NPL 12,4% жүйе бойынша орташа деңгейде – 7,1%) белсенді кредиттеуге қойылатын негізгі кедергінің бірі болып отыр. Алайда бөлшек сегментте ипотека бойынша борыштық жүктеменің төмендеуі тұтынушылық қарыздарға сұраныстың артуына ықпал етуі мүмкін; Ұлттық валютадағы нақты пайыздық мөлшерлемелердің сақталуы аясында қазақстандықтардың қаржыны үнемдей бастағаны, табыстың қалпына келуі, COVID-19-ға байланысты белгісіздіктің сақталуы жүйеге деген сенімнің артқанын көрсетеді.
2021 жылы макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсарғанын байқауға болады. Оған банктердің NPL-ді капиталдандыру және қысқарту бойынша жүргізіп жатқан жұмысы, халықтың зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй алуға пайдалануы, мемлекеттің бизнес пен халыққа қолдау көрсетуі әсер еткен. Бұл банк секторындағы негізгі көрсеткіштердің одан әрі жақсаруына ықпалын тигізген. Мұнда сектор активтерінің өсуі өтімді активтер үлесінің артуымен қатар жүрді, ал кредит портфелі бейтарап динамиканы көрсетті. Нәтижесінде кредиттердің активтерге қатынасы (loans to assets) 49%-ға дейін төмендеді (бұрын 51% болған). Сектор активтері құрылымында кредит қоржының үлесінің өсу әлеуеті жоғары болып саналады. Мұндағы негізгі кедергі қарыз алушылардың, әсіресе шағын және орта бизнес субъектілерінің жоғары тәуекелі, сондай-ақ қорландырудың орташа қысқа сипатқа ие болуы.  Активтердің өсуі клиенттердің қаражатын тарту есебінен жүргізілді (+5,9%).
Ұлттық валютаны нақты пайыздық мөлшерлемелерде сақтау аясында халықтың үнемдеуге бейімділігі, азаматтардың табысы қалпына келуі, COVID-19-ға байланысты екіұштылықтың сақталуы  жүйеге деген сенімді арттырады.
Экономикадағы жағдайдың жақсаруы қазақстандықтардың коронавирусқа қарсы вакцинаны алу қарқынына байланысты болады. Халықтың ауруға қарсы иммунитетін көтеру негізгі санитарлық шектеулерді алып тастауға мүмкіндік береді. Бұл бизнестің табысына, банктен қарыз алушыларға және сектордың тұрақтылығына оң әсер етеді.