251 млрд теңгеге қаржы бұзушылығы анықталды – министр - Деловая Жизнь Казахстана
successful-businessman-working
Редактор 15 июня, 2021 758 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 32 секунды

251 млрд теңгеге қаржы бұзушылығы анықталды – министр

2020 жылы 251 млрд теңгеге қаржы бұзушылығын анықтады. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. Оның айтуынша, өткен жылы мемлекеттік аудит 983 млрд теңге бұзушылығына…

2020 жылы 251 млрд теңгеге қаржы бұзушылығын анықтады. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. Оның айтуынша, өткен жылы мемлекеттік аудит 983 млрд теңге бұзушылығына ескерту жасаған

«Жалпы 251 млрд теңгеге қаржы бұзушылығы анықталды. Оның 74%-ы бухгалтерлік есепті жүргізуге байланысты. Тауар жеткізу, қызмет көрсету және жұмыстарды орындауды қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша 237 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. 251 материал құқық қорғау органдарына жіберілді, ал бұзушылыққа жол бергені үшін 2 349 лауазымды тұлға жауапқа тартылды», – деді министр халыққа есеп беру кездесуінде.
Сонымен қатар Ерұлан Жамаубаев 2020 жылы мемлекеттік сатып алу кезінде шарттар бойынша 448 млрд теңге үнемделгенін, соңғы 3 жылда үнемдеу 1 трлн теңгеден асқанын атап өтті.