837 млрд теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асырылады - Деловая Жизнь Казахстана
837 млрд теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асырылады
Фото: inbusiness.kz
Редактор 18 июня, 2021 435 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 32 секунды

837 млрд теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асырылады

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың мәлімдеуінше 2021 жылдың 5 айында мемлекеттік бюджетке 559 млрд, оның ішінде республикалық бюджетке 384 млрд теңге салық аударылды. Махамбет Досмұхамбетов…

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың мәлімдеуінше 2021 жылдың 5 айында мемлекеттік бюджетке 559 млрд, оның ішінде республикалық бюджетке 384 млрд теңге салық аударылды. Махамбет Досмұхамбетов бұдан бөлек Ұлттық қорға 357 млрд теңге түскенін айтты

«Жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестиция 1 трлн 15 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 3,8 трлн теңгеге жетеді деген болжам бар. 5 айда өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,2 трлн теңге болды. Облыстың республиканың өнеркәсібіндегі үлес салмағы – 22,7%. Есептік кезеңде 19,5 млн тонна мұнай және 10,2 млрд текше метр ілеспе мұнай газы өндірілді. Биыл кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде құны 837 млрд теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асырылып, 560 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр», – деді облыс әкімі.