Алматыда 380 орындық инфекциялық орталық салынады - Деловая Жизнь Казахстана
hospital covid
Редактор 21 апреля, 2021 664 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 33 секунды

Алматыда 380 орындық инфекциялық орталық салынады

Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 18 айда аяқталады Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында жаңа медициналық орталықтың құрылыс алаңына барып қайтты. Елбасының тапсырмасымен құрылысы басталған…

Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 18 айда аяқталады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында жаңа медициналық орталықтың құрылыс алаңына барып қайтты.
Елбасының тапсырмасымен құрылысы басталған орталық Алатау ауданына қарасты «Нұркент» ықшамауданында бой көтермек. Мұнда 380 төсек-орын, соның ішінде 30 реанимациялық орын қарастырылған. Орталық жоспарға сәйкес 18 айда бой көтереді. Бұған қоса Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында «Алматы Арена» спорт кешенінде ашылған веломектептің жобасымен танысты.
«12-16 жас аралығындағы олимпиада резерв мамандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі тәрбиеленушілері велоспортпен кәсіби түрде шұғылдануға мүмкіндік алды. Бізге спорт кешендерінің әлеуетін тиімді пайдалану қажет. Сондықтан спортпен, соның ішінде қысқы спорт түрлерімен айналысу үшін инфрақұрылымды кеңейтуге мән бермекпіз», – деп жазды шаһар басшысы.
Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев «Ақбұлақ» ықшамауданында жаяу жүргіншілер аймағы салынатынын хабарлады.