Азық-түлік бағасына бірыңғай платформа арқылы мониторинг жасалады - Деловая Жизнь Казахстана
prices Азық-түлік бағасына бірыңғай платформа арқылы мониторинг жасалады
Редактор 10 июня, 2021 446 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 29 секунд

Азық-түлік бағасына бірыңғай платформа арқылы мониторинг жасалады

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов үкімет басшысы Асқар Маминге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына мониторинг жасайтын бірыңғай платформа жасалғанын жеткізді. Бұл туралы үкімет отырысында…

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов үкімет басшысы Асқар Маминге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына мониторинг жасайтын бірыңғай платформа жасалғанын жеткізді. Бұл туралы үкімет отырысында мәлімделді

«Баға мониторингінің бірыңғай платформасын әзірлеу жөніндегі сіздің тапсырмаңызды орындау үшін тиісті жұмыс атқарылып жатыр. Нарықтық және ведомстволық мәліметтерді қоса алғанда, әртүрлі деректерден әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша ақпарат ауқымын жинау және талдамалық өңдеу үшін eprice.gov.kz платформасы әзірленді. Оның мақсаты – факторларды анықтау және бүкіл тізбектегі тауарлардың қозғалысы мен бағасының тенденциясын қалыптастыру», – деді Бақыт Сұлтанов.
Министрдің мәлімдеуінше, қазір құрылған сайт ұлттық статистика бюросымен, мемлекеттік кірістер комитетімен және басқа мемлекеттік органдарымен дерек алмасып жатыр.