2021 жылы елімізде бұрын салынған үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге 19 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты Бірінші…
2021 жылы елімізде бұрын салынған үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге 19 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты
Бірінші вице-министр республикада қолданыстағы тұрғын үй қорын жаңарту бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті. «2020 жылы 8 өңірде (бұрын салынған – автор) 249 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Биыл 473 тұрғын үйді жөндеуге 19 млрд теңге жоспарланып отыр», – деді Қайырбек Өскенбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.