Бюджет шығындары бір жылда 20%-ға өсті - Деловая Жизнь Казахстана
chart 4819676 1280 Бюджет шығындары бір жылда 20%-ға өсті
Редактор 05 мая, 2021 409 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 1 минута

Бюджет шығындары бір жылда 20%-ға өсті

Шығындардың төрттен бір бөлігі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру үлесінде 2021 жылдың қаңтар-ақпанында мемлекеттік бюджет шығындары 2,6 трлн теңге болып, 20%-ға (өткен жылмен салыстырғанда) өсті,…

Шығындардың төрттен бір бөлігі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру үлесінде

2021 жылдың қаңтар-ақпанында мемлекеттік бюджет шығындары 2,6 трлн теңге болып, 20%-ға (өткен жылмен салыстырғанда) өсті, деп хабарлайды finprom.kz.
Өткен жылдың қаңтар–ақпанында бюджет шығындары бір жылда 13,5%-ға артып, 2,2 трлн теңге болған. Биыл 2 айда мемлекеттік бюджет шығындарының төрттен бір бөлігі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға тиесілі болды: 665,1 млрд теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,7%-ға артық.
Денсаулық сақтау саласында 488,6 млрд теңге (18,6%) жұмсалған, бір жылда плюс 70,8%. Шығындардың едәуір бөлігі білім беруге де бағытталды: 482,2 млрд теңге, бір жылда плюс 7,3%.
Барлық салада шығындардың үлесі артқан. Ал мемлекеттік қызметтер, мәдениет, спорт, туризм және ақпарат саласы, отын-энергетикалық кешені, жер қойнауын пайдалану, сондай-ақ өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылысқа бағыттылған шығындар қысқартылған.
Қаржы министрі Үкіметтің қарауына 2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын ұсынған еді. Онда «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының іс-шаралары, Мемлекет басшысының стратегиялық бастамалары мен тапсырмалары, пандемиямен күрес жөніндегі шаралар ескерілген.
Осылайша, бюджет шығындары 1,3 трлн теңге өсіп, 15,3 трлн теңге жетті. Бюджет шығындары қосымша түсімдердің 279 млрд теңгесі, әрі ұлттық қордан 850 млрд теңге сомасында нысаналы трансферт тарту есебінен жүргізілетін болды. Бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге 3,5%-ға дейін өсті. 2021 жылдың 2 айында еліміздің әрбір тұрғынының денсаулығын сақтауға бюджеттен 25,8 мың теңгеден бөлінді.
2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында денсаулық сақтауға арналған бюджет шығындарының көлемі 2 трлн теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 51,4%-ға артық.