Елде электронды үкімет қызметтерін әрбір үшінші үй ғана пайдаланады - Деловая Жизнь Казахстана
egov.kz Елде электронды үкімет қызметтерін әрбір үшінші үй ғана пайдаланады
Редактор 20 мая, 2021 523 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 41 секунда

Елде электронды үкімет қызметтерін әрбір үшінші үй ғана пайдаланады

Цифрландырудың қарқынына қарамастан кейінгі жылдары бұл көрсеткіштің кері кеткені байқалады Жалпы әлемдегі диджиталдандыру қарқынына қарамастан 2020 жылы Қазақстанда электронды үкіметтің қызметтерін үйлердің 30,8%-ы ғана пайдаланған….

Цифрландырудың қарқынына қарамастан кейінгі жылдары бұл көрсеткіштің кері кеткені байқалады

Жалпы әлемдегі диджиталдандыру қарқынына қарамастан 2020 жылы Қазақстанда электронды үкіметтің қызметтерін үйлердің 30,8%-ы ғана пайдаланған. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда бар-жоғы 0,4% артық. Ал 2018 жылы бұл қызметті пайдаланушылардың көрсеткіші 34,6% жеткен еді.
«Электронды қызметтер ең қажетті шақ – пандемиялық шектеу тұсында келгені белгілі. Осы кезде қазақстандықтар eGov.kz сайтына кіре алмай, өзекті проблемамен бетпе-бет келген еді. Тіпті аталмыш сайттың қызметіне әлі күнге дейін шағым түседі. Мәселен, қолданушылар 2020 жылдың қараша мен желтоқсан айларында порталдың істемейтініне шағымданған», – делінген finprom-ның зерттеуінде.
Аймақтарды бөліп қарағанда 2020 жылы электронды үкіметтің қызметтерін ең көп пайдаланушылардың көш басына Қарағанда облысы (50,7%) шықты. Одан кейінгі орындарда Алматы (44,7%) және Батыс Қазақстан (43%) облыстары тұр. Қалған өңірлерде көрсеткіш 37,2% аспаған. Ал электронды үкіметтің қызметтеріне ең аз жүгінген облыстардың легі мынадай: Маңғыстау (14,3%), Жамбыл (17,7%) және Атырау (17,3%) облыстары.