Цифрландырудың қарқынына қарамастан кейінгі жылдары бұл көрсеткіштің кері кеткені байқалады Жалпы әлемдегі диджиталдандыру қарқынына қарамастан 2020 жылы Қазақстанда электронды үкіметтің қызметтерін үйлердің 30,8%-ы ғана пайдаланған….
Цифрландырудың қарқынына қарамастан кейінгі жылдары бұл көрсеткіштің кері кеткені байқалады
Жалпы әлемдегі диджиталдандыру қарқынына қарамастан 2020 жылы Қазақстанда электронды үкіметтің қызметтерін үйлердің 30,8%-ы ғана пайдаланған. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда бар-жоғы 0,4% артық. Ал 2018 жылы бұл қызметті пайдаланушылардың көрсеткіші 34,6% жеткен еді.
«Электронды қызметтер ең қажетті шақ – пандемиялық шектеу тұсында келгені белгілі. Осы кезде қазақстандықтар eGov.kz сайтына кіре алмай, өзекті проблемамен бетпе-бет келген еді. Тіпті аталмыш сайттың қызметіне әлі күнге дейін шағым түседі. Мәселен, қолданушылар 2020 жылдың қараша мен желтоқсан айларында порталдың істемейтініне шағымданған», – делінген finprom-ның зерттеуінде.
Аймақтарды бөліп қарағанда 2020 жылы электронды үкіметтің қызметтерін ең көп пайдаланушылардың көш басына Қарағанда облысы (50,7%) шықты. Одан кейінгі орындарда Алматы (44,7%) және Батыс Қазақстан (43%) облыстары тұр. Қалған өңірлерде көрсеткіш 37,2% аспаған. Ал электронды үкіметтің қызметтеріне ең аз жүгінген облыстардың легі мынадай: Маңғыстау (14,3%), Жамбыл (17,7%) және Атырау (17,3%) облыстары.