Электронды аукциондарға қойылған шектеу алынып тасталады - Деловая Жизнь Казахстана
auctions
Редактор 06 мая, 2021 553 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 52 секунды

Электронды аукциондарға қойылған шектеу алынып тасталады

Бүгінде мұндай аукциондар жылына 2 рет ұйымдастырылады. Елімізде жер қойнауын пайдалануға арналған электронды аукциондарға қойылған шектеу алынып тасталуы ықтимал.  Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова…

Бүгінде мұндай аукциондар жылына 2 рет ұйымдастырылады.

Елімізде жер қойнауын пайдалануға арналған электронды аукциондарға қойылған шектеу алынып тасталуы ықтимал.  Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова айтты.
Оның айтуынша, министрлік заңнамаға түзету енгізуді жоспарлап отыр. Жаңа түзету жылына 2 реттен артық барлау мен өндіруге құқық беретін электронды аукцион өткізуді көздейді. Ол бұл түзетуге сәйкес, жылына 2 рет аукцион ұйымдатыруға мүмкіндік беретін шектеу алынып тасталуы мүмкін екенін жеткізді.
«Бұл бізге бәсекелестікті және аукциондар өткізу жиілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл түзетулер қатысушылардың ашықтығы мен айқындылығын қалыптастыру үшін алғашқы екі аукционнан кейін басталды. Қазіргі таңда олар қажетті бекіту рәсімдерінен әлі өткен жоқ, алдағы уақытта біз түзетулерді салалық қоғамдастықпен талқылаймыз», – деді Жанат Жахметова ОКҚ-де өткен брифингінде.
Вице-министр аукцион арқылы жерге меншік құқығы емес, жер қойнауын пайдалану құқығы берілетінін атап өтті.  Бұл құқық «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» кодексімен реттеледі, учаскелердегі кез келген технологиялық процестер Энергетика министрлігі жанындағы Барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияда қаралады.
Жер қойнауын пайдалану құқығын алған инвестор жергілікті атқарушы органмен жерді жалдау туралы келісімшартқа қол қояды. Жобалау құжатын әзірлеу алдында әрбір жер қойнауын пайдаланушы жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізуге міндетті.