Елімізде 559 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр - Деловая Жизнь Казахстана
front view happy couple together their new house conception moving Елімізде 559 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр
Редактор 14 апреля, 2021 554 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 39 секунд

Елімізде 559 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр

Олардың саны жыл сайын орта есеппен 50 мыңға артып отыр. Елімізде 559 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші…

Олардың саны жыл сайын орта есеппен 50 мыңға артып отыр. Елімізде 559 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты

Оның айтуынша, тұрғын үй алуға кезекте тұрғындардың саны жыл сайын орта есеппен 50 мыңға артып отыр. «Бүгінде олардың саны 559 мың болды. Отбасы мүшелеріне шаққанда ең төменгі күнкөріс мөлшерінен табысы төмен, алайда тұрғын үй кезегінде тұрған адамдар бар. Олар тұрғын үйді субсидиялау тетігі арқылы үймен қамтамасыз етіледі», – деді Қайырбек Өскенбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. Ол мұндай топқа көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедек баласы бар отбасылар және халықтың басқа да осал топтары жататынын жеткізді.
«Табысы ең төменгі күн көріс мөлшерінен жоғары, алайда тұрғын үй алуға кезекте тұрған адамдар бар. Олар жаңа тұрғын үйге жеңілдетілген несие алу арқылы үй сатып ала алады», – деді бірінші вице-министр.