Елімізде бөлшек сауда айналымы 3%-ға төмендеді - Деловая Жизнь Казахстана
souk 1627045 1280 Елімізде бөлшек сауда айналымы 3%-ға төмендеді
Редактор 13 мая, 2021 590 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 1 минута

Елімізде бөлшек сауда айналымы 3%-ға төмендеді

2021 жылғы 2 айдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы бөлшек сауда айналымы 3%-ға (өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда) төмендеді ТМД елдері арасында Тәжікстан, Украина және Өзбекстанда оң көрсеткіш…

2021 жылғы 2 айдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы бөлшек сауда айналымы 3%-ға (өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда) төмендеді

ТМД елдері арасында Тәжікстан, Украина және Өзбекстанда оң көрсеткіш тіркелген. Ресей мен Әзірбайжанда бөлшек сауда айналымы минуста, алайда көрсеткіш еліміздегідей емес. Саладағы жағдай Беларусь, Армения және Қырғызстанда да мәз емес. Осы жылдың бірінші тоқсанында бөлшек сауда көлемі 2,5 трлн теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда ақшалай мәнде 6,1%-ға көп.
Алайда, бөлшек саудадағы нақты айналым әлі фминуста – 1,2% (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда). 1,7 трлн теңге азық-түлік емес тауарларға, 865,7 млрд теңге азық-түлік тауарларына тиесілі.  Ауылдардағы бөлшек сауданың ресми көлемі 179,1 млрд теңге немесе 7,1%.
Бұл елімізде бөлшек сауданың ашық жүргізілмей отырғанын көрсетеді.  Алматыда 801,2 млрд теңгеге (бір жылда ритейл көлемінің нақты төмендеуі – 1,4%) сауда жасалған. Бұл сауданың ең үлкен көлемі саналады. Үздік үштікке Нұр-Сұлтан (261,1 млрд теңге), Қарағанды облысы (251,6 млрд теңге) енді.  Түркістан облысының тұрғындары бөлшек сауда орындарынан тауарларды өте аз сатып алған – 33,8 млрд теңге.
Нақты жылдық өсім Алматы (бір жылда плюс 1,2%, 97,5 млрд теңге), Маңғыстау (плюс 0,7%, 43,9 млрд теңге) және Жамбыл (плюс 0,2%, 75,2 млрд теңге) облыстарында байқалды. 2021 жылғы бірінші тоқсанда әрбір қазақстандық орта есеппен бөлшек сауда орындарында 133,4 мың теңге қалдырған. Алматыда орташа чек – 403,5 мың теңге, Түркістан облысында – 16,5 мың теңге.
Еліміздегі жеке компанияларға бөлшек сауданың 88%-ға жуығы немесе 2,2 трлн теңге тиесілі. Ритейлдің тағы 12,3%-ы немесе 309,8 млрд теңгесін шетелдік компаниялар қамтамасыз еткен. Бөлшек саудада шағын компаниялар – 1,6 трлн теңге, орта – 288,9 млрд теңге, ірі кәсіпорындар – 599 млрд теңгеге сауда жасаған.